Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылында ауылдық округ әкімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында ел игілігіне ұсынылған нысан тұрғындарға қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған.


Салтанатты іс-шараға ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Жаңа әкімдік ғимараты аудандық бюджет қаражаты есебінен бой көтерген. Бұған дейінгі ғимарат заманауи талаптарға толық сәйкес келмегендіктен, халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа нысан салынды.