Жамбыл облысында қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына қарсы әрекет етуге арналған алғашқы ауқымды семинар-тренинг өтті. Оған жергілікті және халықаралық мамандар қатысып, эпидемия қаупі туған жағдайда жедел әрекет ету тәртібін талқылады.


Тренингтің негізгі мақсаты – биологиялық қауіпсіздікті күшейтіп, түрлі қызметтердің өзара үйлесімді әрекетін жолға қою. Іс-шараны Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы, АҚШ-тың Centers for Disease Control and Prevention және ICAP at Columbia University ұйымдастырды.