Мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан түлектер. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2026 жылғы түлектерге аттестат тапсыру салтанаты өтті. Биыл білім ордасын 108 оқушы аяқтады.


Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде биыл 1 «Алтын белгі» және 10 ерекше үлгідегі аттестат иегері шықты. Оқушылар оқу жылында ғылым мен инновация саласында жоғары жетістіктерге жетті.