Меркі топырағынан түлеп ұшқан, еліміздің әр өңірінде абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтар бизнес форумда басқосты. Форумда өңірдің инвестициялық әлеуеті, кәсіпкерлікті дамыту және ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне бағытталған бастамалар талқыланды. Сондай ақ маңызды жобалар мен игі істерді жүзеге асыруға белсенді атсалысқан және туған өлкенің өсіп-өркендеу жолындағы жемісті еңбек еткен азаматтар марапатталады.


Форумға кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, зиялы қауым мүшелері, аудан тұрғындары мен қоғам белсенділері қатысты. Жиында өңір басшысы форум жұмысына сәттілік тілеп, өңірлердің экономикалық қуатын арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.