Денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымы толық жаңғыртылуы тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметке осындай міндет жүктеді. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, саланы дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Жиында дәрігерлердің мәртебесін арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдауды күшейтудың маңыздылығы да айтылды.
Күн-түн демей адам өмірі үшін күресетін жандар. Олар – ел саулығының күзетіндегі ақ халаттылар. Бүгін сол кәсіп иелері - құрмет төрінде. Президент ұлт саулығы мемлекет үшін басты құндылық екенін айтып, медицина саласындағы нақты нәтижелерге тоқталды.