Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қала жастары тарихи нысан маңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны абаттандыруға үлес қосты.


Акция Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға орталық қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты. Олар Қарахан кесенесі аумағын қоқыстан тазалап, тазалық мәдениетін насихаттады. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 50-ден астам экологиялық акция ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Сондай-ақ 20 тоннадан астам қоқыс шығарылған.