Суға шомылу маусымы ресми түрде басталды.Алайда, шомылу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Төтеншеліктер жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ауқымды көшпелі қауіпсіздік күнін ұйымдастырды. «Мөлдірбұлақ» оқу-сауықтыру лагеріне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде мұнда өңірдің түкпір-түкпірінен келген оқушылар демалуда. Төтенше жағдайлар қызметкерлері балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ескерту белгілері бар қауіпті аймақтарда шомылуға қатаң тыйым салатынын жеткізді.