Тараздағы 14157 әскери бөлімінде әскерилер салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Бұл жауынгерлер үшін ерекше маңызға ие сәт. Өйткені олар алғаш рет Отан алдындағы адал қызметіне серт беріп, Қазақстан Республикасының қорғаушысы мәртебесіне ие болды.
Әскери ант – әрбір жауынгердің өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Сондықтан бұл рәсімге әскери міндеттілердің ата-аналары, жұбайлары, туған-туыстары мен жақындары арнайы шақырылды. Биылғы әскери жиынға барлығы 120 әскери міндетті азамат шақырылса, олардың 65-і әскери ант қабылдады.