Партия көп, бірақ пәрмендісі қайсы? Саяси сахнадағы салмақ пен сенім сыналар сәтте «AMANAT» «Әділет» партиясына қосылды. Бұған дейін жасалған «Қарызсыз қоғам»,«Ауыл аманаты»,«Жер аманаты» секілді жағымды жобалардың жағдайы не болады? Жаңа партияның жүйесі қандай?


Жоба көп, жауапкершілік одан көп. Қарыз қамытын киген жұртқа қаржылық сауат үйреткен, ауылға арзан несие апарған, игерілмеген жерді ел игілігіне қайтарған бастамалардың тағдыры да көпшілікті толғандырады. Өйткені халық үшін атаудан бұрын атқарылған іс маңызды.