Таразда жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мүмкіндік алаңына 30 жұмыс беруші 205 бос жұмыс орнын ұсынды.
Жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттігін арттыру –өзекті мәселе. Осы мақсатта ұйымдастырылған жәрмеңкеде азаматтарға техникалық, педагогикалық және кәсіптік ваканциялар ұсынылды. Азаматтар мамандықтарына сәйкес жұмыс берушіге барып, бақтарын сынап көрді. Бұл іс-шарада мансап орталығының мамандары еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіріп, мемлекеттік қолдау шараларын айтты.