«Батаменен ел көгерер». Мерейлі меркіде батагөйлер байқауының аудандық кезеңі өтті. Оған ауылдық округтен іріктеліп шыққан, 60 жастан асқан ақсақалдар қатысты. Сөз сайысына жергілікті тұрғындармен қатар, аудан басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің өклдері келді. 


Батагөйлер байқауына ойдың тұнығын, сөздің шымырын терген қариялар жиылды. Басты мақсаты – атадан аманат болып келе жатқан қазақтың бата беру дәстүрін өскелең ұрпаққа насихаттау. Мұнда арнайы көрме қойылып, қатысушылар халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани мұрасынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.