Сіз білесіз бе? Таразда еліміздегі ең бойшаң тұрады. 22 жастағы Аяжан Амангелдиеваның бойы 2 метр 05 см, тіпті, оның аяқ киімінің өлшемі 47-ні құрайды.
Аяжан Амангелдиева-отбасындағы 5 қыздың екіншісі.Оның спорттағы жолы 13 жасында басталған. Алғашында дзюдомен айналысқан бұрымдыны, бойының ұзындығы мен физикалық мүмкіндігін байқап, Өскемен қаласындағы « Алтай» волейбол клубына шақырту алады. Кейін жаңа белестерді бағындыру мақсатында баскетболға ауысып, қазір Алматының «Томирис» клубының намысын қорғап жүр.