Сапта тұрған сарбаздардың, қол бастаған сардарлардың дайындығы қандай? Осындай салмақты сауалдың жауабын іздеген Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев Таразға табан тіреді. Генерал - майор «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери базасын аралады, жалпы ахуалды бағалады. Бас сардар жауынгерлік дайындықты да саралап, шеберлікті шыңдай түсуге шақырды.
Тараз гарнизонында Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы жауынгерлік даярлық деңгейін бағамдап, командирлермен өткен жиында әскери дайындықтың сапасын арттыру және жаңа оқу бағдарламасын тиімді игеру қажеттігін талқылады. Ал, 5-ші механикаландырылған бригаданың жауынгерлері генерал майормен кездесуде өздерінің біліктілігін таныта білді.