Тараз төрі тағы да жас былғары қолғап шеберлерінің басын қосты. Жылдағы дәстүрге сай ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Әбдірахмановке арналған халықаралық бокс турнирі биыл да жоғары деңгейде өтті. «Қазфосфат» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырылған жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты.
Жас боксшылар үшін бұл турнир – шеберлікті шыңдап, тәжірибе жинайтын маңызды алаң. Әр жекпе-жек олардың жігерін шыңдап, жеңіске деген ұмтылысын арттыра түсті. Ал жаттықтырушылар бұл жарысты алдағы республикалық және халықаралық додалар алдындағы маңызды дайындық кезеңі деп бағалайды.