Жамбыл облысында 40 келіден астам марихуананы заңсыз сақтаған күдікті ұсталды. «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Меркі ауданындағы Қосқұдық құмды алқабында есірткі затын өткізуге дайындалған деректі анықтады. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені белгілі болды. Жалпы салмағы – 40 келі 460 грамм. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау кезінде жабайы қарасора үйінділері мен бес бос қапты тәркіледі. Ер адам өсімдіктерді жинап, кептіріп жатқанын айтқан. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.