Түнгі романтика мен көрші тыныштығының тартысы күшейіп барады. Сүйіктісін таңғалдырғысы келгендер мен туған күн иесіне тосынсый жасаушылар түн ортасында отшашу атып, музыка қосып жүр. Алайда мұндай әрекеттер тұрғындардың наразылығын туғызуда. Енді мұндай «тосынсыйлар» заң талаптарына сай болуы тиіс.


Мәселен, жұмыс күндері кешкі сағат оннан кейін, ал демалыс күндері түнгі он бірден соң тұрғындардың мазасын алуға болмайды. Ережені елемегендер 22 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін, ал қайталанған жағдайда жаза көлемі екі есеге артады. Қазір еліміздің барлық өңірінде тәртіп сақшылары түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзатындарға бақылауды күшейтіп жатыр. Қысқасы, жауаптылар меркені мәдениетті түрде атап өтуге шақырады.