Мойынқұм ауданында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акция өтті. Аудан әкімдігі мен полиция бөлімі бірлесіп ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және тұрғындарды спортпен шұғылдануға шақыру.
Спорт пен салауатты өмір салтын дәріптеген іс шараға жастар, мемлекеттік қызметкерлер және белсенді тұрғындар қатысты. Акцияның басталуында аудан басшылары сөз сөйлеп, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеді.