Су – егіннің сәні, еңбектің нәрі. Аптап ыстықта еккен өнімін қуратпау үшін диқандар дала кезеді. Күннің қызуына қарамастан егіндерді уақытылы сумен қамтамасыз ету шаруалардың басты міндеті. Жамбыл облысында 187 мың гектар суармалы алқап бар.


Жамбыл ауданында биыл егістік көлемі 55 мың гектардан асады. Оның 27 мың гектардан астамы – суармалы жер. Диқандар дәнді дақылдармен қатар, көкөніс, картоп, қант қызылшасы және мал азығы дақылдарын өсіруге басымдық берген.