Биыл өңірде «Таза Қазақстан» акциясына 42,5 мың адам қатысты. Тазалыққа шақыратын игі бастамаға 1,6 мыңнан аса кәсіпорындар мен мекемелер атсалысты. Бұдан бөлек акция аясында 6,8 мың тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Бүгін аппараттық кеңестің кезекті отырысында жалпыұлттық іс-шараның аймақта іске асырылу барысы талқыланды.
Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жауаптылықты арттыру, экологиялық сауаттандыру, энергия мен суды үнемді тұтыну, қоршаған ортаны сақтау, жасыл желектерді отырғызу, экологиялық акциялар өткізу – бұлардың барлығы «Таза Қазақстанның» негізгі бағыттары. Өңірлік жоспар 47 іс-шарадан, 3 бағыт бойынша жоспарланған. Бүгінде жалпы 30 мобильді топқұрылып, 129 рейд жүргізіліп, 1467 заң бұзушылықтар анықталды.