Былтыр елде 171 мың көлік шығарылды. Бұл 2024 жылдан 18 пайыз көп. Жыл соңына дейін осы көрсеткішті тағы 11 пайызға арттырып, 190 мың көлік құрастыру көзделіп отыр. Бұған 10 мың маман күш салмақ. Зауыттарда соңғы үлгідегі замануи технологиялар қолданылады. Сондай-ақ, сол құрылғылардың «тілін түсінетін» мамандар даярланбақ. Ол үшін оқу орындарында автокөлік жасау бағытында 30 жаңа мамандық ашылады.