Жамбыл облыстық «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ филиалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шара барысында Тараз қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы шартты өрт кезінде әрекет ету алгоритмін пысықтады. Ал мекеме қызметкерлері эвакуациялау тәртібін меңгеріп, құтқарушылармен бірлескен іс-қимыл дағдыларын жетілдірді.
Оқу-жаттығу зертхана бөлмесінде шартты өрттің шығу сценариі бойынша өтті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді, түтін басқан аумақтарды анықтап, қызметкерлерді қауіпсіз жерге эвакуациялады. Сонымен қатар, түтінге уланып қалған зардап шегуші құтқарылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.