Негізгі Жаңалықтар Пойыздағы туризм: Жолаушылар тарихқа да сапар шегеді

Пойыздағы туризм: Жолаушылар тарихқа да сапар шегеді

Пойыз енді жолаушыларды тек межелі мекенге емес, мыңжылдық тарихқа да жетелейді. Әулиеата өңірінің бай мұрасы жол үстінде-ақ қолжетімді болды. Жасанды интеллект негізінде әзірленген бейнероликтер арқылы жолаушылар Жамбылдың тарихымен интернетсіз, қаражат құртпай, қосымша жүктемей-ақ таныса алады.


Жол қысқартатын ғана емес, тарихпен табыстыратын технология. «Тальго» жүрдек пойыздарындағы мультимедиялық портал енді жолаушыларды Қазақстанның көрікті мекендерімен қатар, Әулиата өңірінің көне мұрасымен де таныстырады. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығы әзірлеген бейнероликтер жасанды интеллект көмегімен дайындалған.

Бөлісу