Қазақстан мен Қытай жаңа бірлескен жобаларды қолға алмақ. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың алпауыт компанияларының басшыларымен кездесіп, цифрлық инфрақұырылым, логистика және ауыл шаурашылығы салаларындаа серіктестік орнатуға шақырды. Қос ел енді өзара әріптестікті өндіріс пен технология саласында дамытады.
Сан түрлі саладағы бірлескен жобаларды дөңгелету үшін тараптар дөңгелек үстелде бас қосты. Мұнда Қытайдың жетекші ірі компанияларының басшылары жиналған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық ғылым мен инновация орталықтарының бірі саналатын Шанхай қаласындағы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңында бас қосудың символдық мәні зор екенін айтты. Қазақстан жасанды интеллектіні болашақ экономикалық өсімнің басты факторларының бірі ретінде қарастырады және халықаралық инвесторларды тарту үшін заманауи цифрлық инфрақұрылым жасақтап жатыр.