Жамбыл облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының аумағында интернет-алаяқтардың қылмыстық схемасына қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу мәліметінше, күдікті алаяқтық желісінде «курьер» қызметін атқарған


Ол ұйымдастырушылардың тапсырмасымен банк карталары мен ұялы телефондарды тасымалдап, банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шешумен айналысқан.Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті 2026 жылдың сәуір айынан бері заңсыз әрекет етіп келген.Тергеу барысында оның осы уақыт аралығында бірнеше рет шетелге шыққаны анықталды. Қазақстан азаматтарына тиесілі банк карталарын интернет-алаяқтықпен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болуы мүмкін әзірге анықталмаған тұлғаларға тапсырғаны белгілі болды. Күдікті ұсталған кезде одан бес ұялы телефон мен 13 банк картасы тәркіленді. Алдын ала анықталғандай, карта иелері оларды ақшалай сыйақы үшін өз еркімен пайдалануға берген.