Қазақтың бесігін кәсіпке айналдырған жамбылдық жас отбасы. Байзақ ауданында тұратын Нұрсұлтан мен Гүлдерай ұлттық туындыны заманауи үлгіде жаңғыртып, бүгінде өнімдерін шетелге де шығарып үлгеріпті. Әсіресе, араб елдерінен сұраныс жоғары. Аядай ғана шеберханада 5 мыңнан астам бесік жасап шығарған кәсіпкерлер енді ұлттық бұйымды халықаралық брендке айналдыруды көздеп отыр.
Бесік бизнесі бастаптқыда жәй ғана әуестікпен басталды деген Нұрсұлтан мен Гүлдерей уақыт өте халықаралық нарыққа шыққандарын айтады. Оған әлеуметтік желі айтарлықтай сеп болыпты. Жас отбасы аядай бөлмеде отырып, айналдырған 7 жылдың ішінде 5 мыңнан астам бесік шығарған. Тіпті тұтынушылардың басым бөлігі сырт елден тапсырыс береді дейді.