Жамбыл облысында екі күндік рейд барысында мас күйінде көлік басқарған 17 жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзудың 980 дерегін анықталып, жолы кесілді. Ал қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 6 жүргізуші заң алдында жауап берсе, 47 жүргізуші көлік құралын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жауапқа тартылды.


Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері міндетті техникалық байқаудан өтпеген автокөліктерді пайдаланудың 102 дерегін, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 9 дерегін, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз, оның ішінде тиісті рұқсатсыз такси қызметін жүзеге асыруда заңсыз жолаушы тасымалдаудың 6 фактісін анықтады. Жіберілген құқық бұзушылықтар үшін 71 көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.