Табиғаты таңғажайып Меркі шатқалы жас альпинистердің басын қосты. Мұнда табиғи жартастарда спорттық өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар биік жартастарды бағындырып, өзара мықтыны анықтауда.
Биылғы республикалық додаға Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Ақмола, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының командалары қатысуда. Чемпионат табиғи жартас жағдайында өтетіндіктен, қатысушылардың тек дене дайындығы ғана емес, батылдығы, ептілігі, төзімділігі мен тактикалық шеберлігі де сынға түседі. Олар бірнеше бағыт бойынша уақытқа және күрделілік деңгейіне қарай бақ сынайды.