«Назар аударыңыз! Ауыр салмақты автокөлік құралы!» атты профилактикалық акция аясында Жамбыл облысындағы негізгі автожолдарда ауқымды рейд басталды. Бір айға созылатын іс-шара барысында ауыр жүк көліктерінің салмақ талаптарын сақтауына бақылау күшейтілмек. Мамандардың айтуынша, рұқсат етілген мөлшерден артық жүк тиеген көліктер жол жабынының мерзімінен бұрын тозуына әсер етеді дейді.


Аймақтағы республикалық маңызы бар «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автодәлізі қозғалысы ең қарбалас тасжолдардың бірі. Мұнда тәулігіне мыңдаған көлік қатынайды. Қозғалыс көлемінің артуына байланысты ауыр жүк көліктері де көбейіп, соның салдарынан жол жабынының тозуына әкеліп соғуы мүмкін.Осыған байланысты аталған акция елңмізде 10 тамыздан бастап 11 тамызға дейін жалғасады.