Негізгі Жаңалықтар Білімпаз жастар бәйгесі

Білімпаз жастар бәйгесі

Даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдық мерейтойы мен Мойынқұм ауданында ауданның 60 жылдығына арналған облыстық байқау өтті. «Smart Battle: Жастардың білім сайысы» аталатын сайысты Мойынқұм ауданының жастар орталығы ұйымдастырды. Зияткерлік додаға Жамбыл облысының түкпір-түкпірінен келген белсенді жастар қатысты.


Сайыстың негізгі мақсаты – жастардың логикалық және сыни ойлау қабілетін, шешендік өнері мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту, сондай-ақ олардың таным көкжиегін кеңейту болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынған 30 кітапты кеңінен насихаттау арқылы жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту және еркін пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру көзделді.

Бөлісу