Меркіде егін орағы басталып кетті. Табиғаты шырайлы, жері шұрайлы өңірде шаруалар биыл мол өнім алуға ниетті. Жер төсін емген диқандар тіршілігінің тынысымен аудан басшылары да танысып, орақ науқанын табысты аяқтауға үмітті екендіктерін айтты.   


Биыл меркіде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі ұлғайған. Күздік бидай, жаздық арпа, қант қызылшасы, дәндік жүгері, мақсары, мал азығы, көкөніс, бақша дақылдары мен картоп жылдағыдан көбірек егілген.