Мойынқұм ауданында қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Құны 7 миллиард теңге болатын бастама аясында Мойынқұм, Құмөзек, Бірлік, Биназар, Шығанақ ауылдары мен Мыңарал станциясының ауыз су жүйелері жаңғыртылып жатыр. Қайтарылған қаржы – халыққа қызмет, қоғамға қамқорлық деген қағиданы нақтылайтын бұл жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.


Жоба шеңберінде су жинау резервуарлары жаңартылып, сорғы қондырғылары ауыстырылып, инженерлік инфрақұрылым толық жаңғыртылуда. Сапалы су – саулықтың, санитарияның, сенімді сервистің символы. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде алты елді мекен тәулік бойы үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.