Еліміз бойынша шілде айының екінші жексенбісі Балықшылар күні. Жамбылдық балықшылар өздерінің кәсіби мерекелеріне айтарлықтай табыспен келіп отыр. Өткен жылдың өзінде 1276 тонна балық өткерілсе, биыл оның көлемі екі есе артып, 2500-ге жеткен.
Жеңсік астың бірі балық. Оған деген халық сұранысы жыл сайын артып келеді. Сондықтанда балық шаруашылығын дамытуға үкімет те көп көңіл бөлуде. Былтырдан бастап балыққа берілетін субсидия көлемі де көбейді.