Тараз қаласының тұрғыны, 2- дүние жүзілік соғыс ардагері Геннадий Иванов 100 жасқа толды. Ғасыр жасаған майдангерді мерейтойымен құттықтауға туған – туыстары мен құрметті қонақтар арнайы келді. Олардың қатарында Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері де болды.


Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері ардагерді құттықтап, ел алдындағы ерен еңбегі мен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі өнегелі жолын ерекше атап өтті. Сондай-ақ мерейтой иесіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың құттықтау хаты табысталды.