Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Өз құқығыңды біл» республикалық акциясы шеңберінде азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті.


Іс-шара барысында 70-ке жуық аудан тұрғыны өздерін толғандырған мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына жүгінді. Көтерілген сұрақтардың басым бөлігі халықты жұмыспен қамту, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік қолдау шаралары, білім беру, денсаулық сақтау, салық саласы мен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты болды.