Байзақтық бишілер халықаралық байқауда топ жарды. Әзірбайжан республикасының Баку қаласында өткен конкурста бас жүлдені жеңіп алды. Қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған би ұжымы, еліміздің мерейін әлемдік деңгейде асқақтатты.


«М-арт» би студиясының бишілері Әзірбайжан елінде өткен «Khazar Folk -2026» халықаралық өнер байқауына қатысып, жоғары өнер көрсетті. Конкурсқа студияның 6-7 жас және 10-14 жас аралығындағы бишілері бақ сынады. Өздерінің жас ерекшеліктері бойынша ұлттық және заманауи би өнерін орындап, қазылар алқасының ерекше бағасына ие болды.