Жамбыл облысында Қазақстан аумағына таңбаланбаған темекі өнімдерін заңсыз әкеліп, өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.


Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізген тергеу барысында қылмыстық топтың Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін заңсыз жеткізу арнасын ұйымдастырғаны анықталды.Тергеу мәліметінше, Жамбыл облысының тұрғыны заңсыз әкелінген өнімдерді өзіне бағынышты адамдар арқылы таратқан.Контрафактілік темекілер Тараз қаласындағы сауда орындарында сатылған.Сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына және Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарына жөнелтілген.Тергеу барысында 30-дан астам тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан жалпы құны 293 млн теңге болатын таңбалаусыз 319 мыңнан астам қорап темекі өнімі тәркіленді. Төленбеген акциздердің сомасы 115 млн теңгені құрады.