Бала тәрбиесі – ұлт болашағының берік негізі. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда бүлдіршіннің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрге құрмет пен ана тіліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Осы бағыттағы тағылымды іс-шаралардың бірі бүгін Тараз қаласындағы «Ақбота» балабақшасында ұйымдастырылды.


Іс-шара аясында ұлттық тәрбиеге негізделген ашық оқу қызметтері өткізіліп, балалардың жас ерекшелігіне сай түрлі дамытушы ойындар ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрді, қолөнерді және мәдени мұраны дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылып, олардың тәрбиелік маңызы кеңінен насихатталды.