Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының ауласы экологиялық тәрбие мен игі бастамалардың үлгілі алаңына айналған. Мұнда оқушылардың демалуына, кітап оқуына, шығармашылықпен айналысуына, еріктілік қызметке қатысуына және табиғатты тануына арналған жаңа экокеңістік ашылды. Жоба мектептер арасында өткен «Үздік мектеп ауласы» қалалық байқауы аясында жүзеге асырылды.
Жобада табиғатты қорғау қағидалары басты назарға алынған. Ауладағы кейбір сәндік элементтер қайта өңделген материалдардан жасалған. Сонымен қатар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған демалыс, шығармашылық және экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылатын арнайы аймақтар жабдықталды.