Таза ауыз су – әрбір ауылдың тұрмыс сапасын арттыратын маңызды игілік. Байзақ ауданы Диқан ауылында осы бағыттағы ауқымды жоба қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде құрылыс алаңында жұмыс қызған. Мамандар су құбырларын тартып, елді мекенді жаңа инженерлік желімен қамтуда. Қазіргі таңда жобаның 70 пайызы орындалып үлгерген. Аяқталған соң мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Диқанда созбаққа салынған су желісі қайта жанданды. Жоба құны – 901 миллион 364 мың теңге. Жоба аясында ұзындығы 10 шақырым болатын су құбыры тартылып, 262 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.