Ұлттық домбыра күнінде К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Қазақ оркестрі «Әбдімомынның әуен арнасы» атты рухани-сазды кеш өткізді. Мәдени шара қазақтың күй өнерін, домбыра дәстүрін және ұлттық музыкалық мұраны кеңінен насихаттауға арналды.


Іс-шара күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеуге бағытталды. Оның ұлттық музыкаға қосқан үлесі мен өнер жолы кейінгі буынға өнеге ретінде таныстырылды. Кеш барысында дәстүрлі өнердің қоғамдағы рухани маңызы айқын көрініс тапты.