Өнері өркендеген, әдебиеті мен тарихын ұлықтай білген елдің еңсесі биік, болашағы баянды болмақ. Осы тұрғыдан келгенде, Әулиеата өңірінің мәдени кеңістігі соңғы жылдары тың серпінге ие болды.Ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен заманауи мәдени үрдістерді ұштастырудың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.
Жамбыл өңірі өнер майталмандарынан кенде емес.50-ден аса дәстүрлі әнші, 100-ге жуық ақын-жыршы, 25 күйші, 40-тан аса эстрада әншісі шығып, елге рухани-мәдени қызмет атқарып келеді. Театр ұжымы көрерменге 110 қойылым ұсынып, репертуарларын толықтыру мақсатында түрлі жанрда 4 жаңа қойылым сахналады. Жыл басынан бері Талдықорған, Түркістан, Қызылорда қалаларына және облыстың Жамбыл, Жуалы аудандарына гастрольдік іссапарлармен барып қайтты.