Жаңа заң күшіне енген күні жағымды жаңалық. Айтулы күні дүниеге келген сәбилердің аналарына ерекше құрмет көрсетілді. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек аналарды құттықтап, оларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстады.


Осы мерейлі датада қалалық көпсалалы аурухананың перзентхана бөлімінде 25 сәби жарық дүниенің есігін ашты. Ел шежіресіне енген ерекше күнде өмірге келген әрбір нәресте – жарқын болашақтың, жаңа үміттің және баянды бейбітшіліктің ұрпақтары. Бір жағында елдің құқықтық дамуындағы маңызды белес айшықталса, екінші жағында жиырма бес отбасының шаңырағына шаттық пен сәби күлкісі қонды.