Ел Президенті халыққа арнаған жолдауында Ауылшаруашылығын тауарларын терең өңдейтін өндіріс орындарын ашу заман талабын екенін атап айтқан еді. Облыста класстер жүйесін қалыптасырып, өз өнімдерін өңірге өткеріп жатқан кәсіпкерлер жетерлік. Соның бірі Жамбыл ауданында орналасқан «Ай-құс» фабрикасы.
Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланған фабрика халыққа сапалы, таза әрі қолжетімді бағада өз өнімдерін ұсынуда. Құны 914 млн теңге болатын жоба мемлекет қолдауының арқасында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Көлқайнар ауылдық округінде орналасқан аумағы 8 гектар жерді алып жатқан кәсіпорында 200 мың тауықтан күніне 180 мың жұмыртқа алынады. Осы жерде қатырма қағазға салынып, қатталып, қапталған өнім Алматы мен Тараз қалаларына жөнелтілуде.