Жамбылда 9 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды. Бірқатар заңға қайшы әрекеттер орын алған. Мәселен, жұмыстан тыс уақытта үстеме жұмысқа тартып, іссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғандығы анықталған.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар. 6 мемлекеттік органдарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп 4 қызметшіге 5 сағаттан астам қосымша демалыс уақыты берілді.