28-маусым БАҚ қызметкерлері күні. Бүгін Таразда осыған орай мерекелік марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет пен қоғам арасында алтын көпір болып, қашан да қайнаған тіршілік ортасында жүретін журналистер қауымын бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтады. Аймақ журналистерінің басын қосып, атаулы күнде құрмет көрсетіп, алғысқа бөледі.
Журналист - қашанда ізденімпаз, қайнаған тіршіліктің ортасынан табылатын жан. Бұқара мен билік арасындағы алтын көпір. Аймақтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтарды көпшілікке жеткізіп, түрлі мәселелерді шешу жолында белсене араласып келеді. Өңір басшысы мерейлі мерекемен тілшілерді құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.