Еліміз бойынша рсепубликалық мәндегі жолдар 2027 жылға дейін толық жөндеуден өтіп бітуі тиіс. Сонымен қатар, қала ішілік және елді-мекендердегі барлық көше жолдары жөндеуден өтіп жатыр. Қаратау қаласында биылдың өзінде 10 көше орташа жөндеуден өтіп асфальтталса, бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда. 


Қаратау қаласында жалпы ұзындығы – 94,8 шақырымды құрайтын 130 көше бар. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамытудағы 2024-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, биылдыққа бекітілген 8 шақырымды құрайтын 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол толығымен аяқталды. Ал қалған 5 көше қайта жаңғыртылып, асфальтталуда.