Бүгін әділдіктің салтанат құруына үлес қосып жүрген жандардың кәсіби мерекесі. 24 маусым – Судья және сот қызметкері күні. Олар күн сайын адам құқығы мен бостандығын қорғап, олардың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайды.


Аймақта 119 судья және 300- ден аса мемлекеттік қызметші бар. Заң мен тәртіпті ту етіп, сот төрелігінің сапалы жүзеге асуына өз үлесін қосып жүрген азаматтардың бірі – Ардақ Аманжолұлы. Ол еңбек жолын бастаған сәттен бүгінге дейін мыңдаған істі қарап, шешім шығарған.