Алдағы уақытта Қазақстан мен Еуропаның кез-келген қаласына тікелей қатынауға болады. Мемлекет басшысының Бельгияға ресми сапары аясында қос тарап әуе бағыттарын кеңейту жөніндегі авиациялық келісімге қол қойды. Сондай-ақ визалық режим де жеңілдеуі мүмкін. Ал еуродақ елімізге жолаушылар тасымалдайтын 50 ұшақ жеткізеді. Тараптар сауда логистикасын да жетілдірмек. Енді Транкаспий көлік дәлізінің соңғы нүктесі Грузия емес, тізбекке Еуропаның порты қосылды.
12 млнға жуық тұрғыны бар Бельгия – конституциялық парламенттік монархия. Мемлекет басшысы - Король Филипп 2013 жылдан бері елді басқарады. Ол ұлттық бірліктің нышаны және конституцияның сақталуына кепілдік беретін тұлға. Алайда саяси шешімдерді өз бетінше қабылдамайды. ал федералдық үкіметті премьер-министр басқарады.