23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Еңбегі еленген бірқатар мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.


Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Осы саланың беделін нығайтып, мәртебелі қызметтің миссиясын тиянақты атқарып, сала мамандарының болмысын насихаттауға қосқан үлестеріне облыс әкімі алғысын айтты.