Қазақстан полициясына 34 жыл. Осы кезеңде Әулиеатадағы тәртіп сақшылары да уақыт ағымымен бірге жүзіп, елге қызмет етіп келеді. Ал, замана көшімен өһткен күннің белгісіндей болған бірқатар құнды жәдігерлер мұражайда сақтаулы.
Бұл мұражайда өңірдегі құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін бірқатар құнды жәдігерлер сақталған. Мысалы, құжаттар, архив материалдары, фотосуреттер, марапаттар, қызметтік киім үлгілері, арнайы жабдықтар жәнет,б заттар бар. . Экспозициялық залда 1500-ден астам жәдігер қойылған.